Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда мас күйде мотоцикл басқарған жүргізуші қамауға алынды

Тараздық полицейлер түнгі рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында масаң күйде мотоцикл басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен жол ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету барысында мотоцикл, мопед, скутер жүргізушілерімен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде арнайы мотоциклді арнайы бас киімсіз жүргізіп келе жатқан азаматты байқаған. Тоқтатып, тексеру барысында мотоцикл жүргізушісінен алкогольдік ішімдіктің иісі шығып тұрғаны байқалған. Арнайы дәрігерлермен жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде болғаны анықталды.

42 жастағы қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар мотоциклді арнайы бас киімсіз басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру