Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кептірілмеген марихуанамен ұсталған петропавлдық тұрғынға айыппұл салынды

28 жастағы Петропавл тұрғынына есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз алып жүргені үшін 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, 28 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кептірілмеген марихуана есірткі заты болып шықты.

Аталған азамат есірткі затын Алматыдан Петропавл қаласына Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы арқылы алып келген.

Осы факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды.

Тамыз айында Петропавл қалалық сотының шешімімен құқық бұзушыға 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 228 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 21-і өткізу, 21-і аса ірі көлемде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 366 келіден астам есірткі заты тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру