Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері 120-дан астам әйелге құқықтық дәріс өткізді

15-21 тамыз аралығында мегаполис сақшылары қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру және отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету мақсатында дағдарыс орталықтарындағы келіншектермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараға 120-дан астам нәзік жанды қатысып, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек алды.

5 күнге жалғасқан жиында «Бақытты жанұя-бақытты ел», «Ана – отбасының ұйытқысы», «Бақытты ана – бақытты отбасы», «»Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады», «Ана – өмір шуағы» атты семинар сабақтар мен тігінші аналардың ұйымдастыруымен қолөнер көрмесі өтті.

– Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетуге қауқарлы мықты жаратылыс. Көбіне әйел адамдар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады. Бұған, күнделікті өмірде болып жатқан әртүрлі әлеуметтік проблемалар себеп. Аталған келеңсіздіктің алдын алу мақсатында биыл заңға бірқатар өзгерістер енгізіліп, жанұядағы тирандарға жаза күшейтілді. Бес тәулік ішінде біз нәзік жандыларды заңдағы жаңашылдықтармен таныстырып, оларға құқықтық дәрістер жүргіздік, – дейді әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жаңыл Спанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру