Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғын үйлер мен мектептердің аулаларында орнатылған спорт алаңдары тексерілді

Қарағандыда оқу жылының алдында тұрғын үйлер мен мектептердің аулаларында орнатылған барлық спорт алаңдары тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Қарағанды қаласындағы футбол алаңында орнатылған қақпаның баланың үстіне құлау дерегі тіркелген еді. Осыған орай, осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында, оқу жылының алдында полиция қызметкерлері мектеп аулаларындағы спорт алаңдарының техникалық жағдайына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

– Негізінен біз футбол алаңдарын тексердік. Қарағанды қаласының аумағында 171 футбол алаңы бар. Оның 138-і толық тексерілді, ал қалған 33 футбол алаңында орнату жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Тексеріс барысында 13 алаңнан қателік табылды. Олар: спорт инвентарларының нашар бекітілуі, негізгі тіректерінің осал болуы, қоршауларының бүлінуі және кейбір жерлерде үзілген электр кабельдерінің болуы, – деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.

Қазіргі уақытта спорт алаңдарын салып жатқан мердігер компаниялар полиция қызметкерлері тапқан кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру