Абай облысында ҚАЖ ардагерін еске алуға арналған волейболдан турнир өтті
Абай облысында ҚАЖ ардагері А.Рахымжановты еске алуға арналған волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мықты команда атағына волейболшылардан құралған 6 команда таласты. Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Адлет Рахымжановты еске алуға арналған турнир алғаш рет өткізілген.
Адлет Рахымжанов осыдан екі жыл бұрын зейнеткерлікке шығып, алайда 1 жыл өткесін қаза тапқан.
Ардагер 2001 жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесінде қатардағы қызметкерден бастап, мекеме басшысына дейін көтерілген. А.Рахымжановты еске алуға арналған волейболдан турнирді Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғ.Балтабаев және мекеме бастықтары ашты.
Турнир екі кезеңнен тұрды: алдымен екі топ айналмалы жүйе бойынша ойнады, одан шыққан бірінші немесе екінші орын алған командалар жартылай финалда ойнады. Үшінші жүлделі орынды кезінде А.Рахымжанов басқарған №21 мекеме алды.
Әрбір жинаған ұпай керемет қолдау айқайымен және қошеметпен сүйемелденді, ал турнирдің өзі интригаға толы болды. Оның соңына дейін бақылау добын кім соғатынын болжау мүмкін болмады.
Барлық жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.