Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік айнасы ұрлығының бірнеше дерегі ашылды

Алматыда көлік айнасы ұрлығының бірнеше дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу аудандық полициясының мәліметінше, екі күн ішінде 3 көліктің айнасы қолды болған. Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды.

– Бұрында осы іспеттес қылмыс жасағаны үшін сотты болған 37 жастағы күдікті құрықталды. Ол тек BMW, Lexus, Toyota Land Cruiser секілді қымбат көліктердің айнасына қызыққан көрінеді. Өйткені аталған көлік иелері бір уақытта шағым түсірді. Аталған қылмысты ашуға арнай жедел тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті ұсталды. Ұрланған барлық көлік айналары қылмыстық іске айғақ зат ретінде тіркелді. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу изоляторына қамауға алынды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Жақыпбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру