Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі

Алматы полициясы “синтетиканың” ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының 40 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткіні дайындау және тарату бойынша қылмыстық әрекетпен айналысқан. Ол Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен “Қарасора – 2023” іс-шарасы аясында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ұсталды.

Жедел мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы Ж. есімді азамат аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні заңсыз сатумен және сақтаумен айналысқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сот санкциясымен күдіктінің үйін тінту кезінде ұнтақ түріндегі сұр түсті зат және ерекше иісі бар түйіршіктер салынған 2 полиэтилен байламы, сондай-ақ электронды таразылар, орауыш байламдар, сұйықтығы бар құты табылып, тәркіленді.

– Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 5 келіден асатын Альфа-pvp есірткі заты табылды. Айта кету керек, бұл синтетикалық препарат мефедроннан бірнеше есе зиянды. Есірткі сатушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалаға өндіріске қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін арна анықталуда, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру