Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері тұрғынның телефонын тартып алған күдіктілерді қолға түсірді

Қарағанды полицейлері тұрғынның телефонын тартып алған күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 22:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне сол аумақтардың бірінде тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден аумақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді.

52 жастағы жәбірленуші тәртіп сақшыларына белгісіз біреу жұмыстан келе жатқанда телефонын тартып әкеткені туралы айтты. Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен  27 және 28 жастағы қос азаматты «ізін суытпай» ұстады. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Телефон иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру