Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

ШҚО тұрғынынан тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді тәркіледі. Полицейлер тіркелмеген қаруды сақтау фактісін жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықтаған. Күдікті ауданның 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам өз үйінде 5 калибрлі ТОЗ-8М мылтығын, сондай-ақ оның 15 патронын сақтаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген қарулар атуға жарамды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер оқ-дәрілер мен мылтықтарды заңсыз сақтау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру жауапкершіліктен босатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру