Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері азаматтардың табиғатта қандай бұзушылықтарға жиі жол беретінін айтты

Полицейлер солтүстікқазақстандықтардың табиғатта қандай бұзушылықтарға жиі жол беретінін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтын күз – аң мен балық аулауды ұнататындардың уақыты. Осы кезеңде полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтерді белсенді жүргізеді. Аңшылар жол беретін жиі және аса қауіпті құқық бұзушылықтардың қатарына қаруды жиналған және тиелген түрде тасымалдау жатады. Бұл аң аулаудағы ықтимал жазатайым оқиғаларға жағдай тудырады, сондықтан оған қатаң тыйым салынады. Бұл үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

– Аң аулау ережелері табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға тосқауыл қойып қана қоймай, адамды да қорғауға арналған. Сол себепті өрескел бұзушылықтарға мас күйінде аң аулау немесе балық аулау жатады. Сонымен қатар бұл ең көп таралған бұзушылықтардың бірі. Сондай-ақ балық аулаушылар рұқсат құжаттары жоқ су қоймаларына жиі барады. Естеріңізге сала кетейік, рұқсатсыз 5 келіден аспайтын салмақта балық аулауға болады, – деп еске салды СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Жыл басынан бері облыста табиғатты қорғау полицейлері аң аулау ережелерін бұзудың 583 және балық аулау ережелерін бұзудың 303 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру