Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып кетті: бір адам ажал құшты

Жетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып кетті. Салдарынан бір адам ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының Алакөл ауданында Мазда-626 көлігінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды. Шетелдік көлікті 22 жастағы әскери қызметкер басқарған, ол Алматы – Өскемен тас жолының 550-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

Жүргізуші мен оның 22 жастағы жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Біраз уақыттан кейін жарақат алғандардың бірі дәрігерлердің бар күш-жігер салғанына қарамастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Облыс полицейлері көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру