Алматы облысында сотталғандарға терроризм мен экстремизмге қарсы күрес туралы дәріс өткізілді
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12 және №14 мекемелерінде терроризм және зкстремизм үшін сотталғандарға терроризм мен экстремизмге қарсы күрес туралы дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дәрісті ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы Мырзабек Туйғанов өткізді.
Дәріс барысында спикер терроризм мен экстремизмнің дүниежүзінде ең қауіпті және өткір мәселелерінің біріне айналып отырғанына нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар ол елдің тұрақтылығы мен ұлттың қауіпсіздігіне кері ықпал ететін радикалды идеологияның таралуына қарсы күресудің маңыздылығы жайлы кеңінен әңгімелеп, дін бостандығы деструктивті, тоталитарлық сипаттағы ағымдардың таралуына әкеліп соққанына тоқталды.
Дәріс барысында ұлттық салт-дәстүрлердің құндылығы мен Қазақстан Республикасының әлемдік саясаттағы ұстанып отырған оң бағыттары да назардан тыс қалған жоқ.
М.Туйғанов өз сөзін түйіндей келе, сотталғандарды дәстүрлі емес діни бағыттардың зиянын терең түсінуге, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға ат салысуға шақырды.