Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында іздеуде жүрген 11 қылмыскерді қолға түсірді

Көлік полицейлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында іздеуде жүрген 11 қылмыскерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында барлығы 49 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 38 қылмыс және бұрын жасалған 7 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 11 қылмыскер, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 18 тұлға ұсталды. Сондай-ақ оқ-дәрілер, суық қару мен есірткі құралдары тәркіленді.

Аталған іс-шара барысында 1668 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 231 факт, балалардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз болғаны үшін 114, ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 59 дерек, ұсақ бұзақылық үшін 37 және тағы басқа да құқық бұзушылықтар тіркелді.

Мәселен, Түркістан станциясының вокзалы аумағында түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүрген 17 жасқа дейінгі 13 жасөспірім анықталды. Барлық кәмелетке толмағанның ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Естеріңізге сала кетейік, 16-20 қазан аралығында көліктегі полиция департаменті қызметкерлерімен еліміздің теміржол және әуе көлігі объектілеріндегі қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру