Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД-да Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Елордалық ҚАЖД-да Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар сарайында өткен іс-шараға ардагерлер, полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелері, құқық қорғау, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу құрметіне арналған бір минут үнсіздіктен басталып, ҚАЖ департаменті бастығыныі құттықтау сөзімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен елордалық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері көтермеленді, атқаратын штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары әділет подполковнигі арнаулы атағы, Қылымстық-аткару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, алғыс хатпен, ҚАЖК төрағасының құқығымен грмотамен және алғыс хатпен, департамент бастығының құқығымен қызметкерлерді, сондай-ақ олардың ата-аналары грамотамен марапатталды. Әкімнің, Астана қаласы және Ақмола облысы полиция департаменті бастығының құқығымен алғыс хаттармен марапатталды.

Департаменттің Ардагерлер кеңесінің ардагерлері Ұлттық ұланның қаулысымен құрмет грамотасымен марапатталды.
Мерекелік шараға арнайы шақырылған қонақтарда назардан тыс қалмай, департамент бастығы Д.Рақымбековтің құқығымен алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара барысында Астана қаласының қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасы Марат Сатарқұлов құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты марапаттаулардан кейін Республика күніне арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру