Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғынына алаяқ кезектен тыс көлік алып беремін деп уәде берген

Абай облысының тұрғынына алаяқ жеңілдік несиесі бойынша кезектен тыс көлік алып беремін деп уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Семей қаласының тұрғыны хабарласып, бейтаныс адам жеңілдік несиесі бойынша автокөлік беруді ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен оның жарты миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады.

Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан жаңа көліктер сатып алуға көмектесу – алаяқтық қулық. Дәлелденген схема бойынша алаяқ кезектен тыс және жеделдетілген тәртіпте жеңілдетілген несие бойынша автокөлікті рәсімдей аламын деп уәде берген.

Полицейлер Семей қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Алаяқ ақшаны жұмсап қойған.

Алаяқтық фактісі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер алданған адамдар көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Абай облысы полиция департаменті осындай форматтағы қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарды «102» арнасы арқылы байланысуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру