Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны гараждан құны млн теңгеге жуық болатын құрылыс құралдарын жымқырған

Астана тұрғыны гараждан құны млн теңгеге жуық болатын құрылыс құралдарын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құрылыс құралдарын ұрлаумен айналысқан азаматты анықтады.

Анықталғандай, 50 жастағы ер адам таныс құрбысының баспананы жалға алып тұрып жатқан жеріне жиі келуді әдетіне айналдырған. Ол жағдайды зерттей келе, иесінің құнды құралдар сақталған құлпы ашылған гаражын байқаған. Үйде ешкім болмаған сәтті пайдаланып, қаскүнем дәнекерлеу аппаратын, электр арасын, компрессорды және басқа да материалдарды иемденіп, 900 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Ер адам ұрланған заттарды сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру