Шымкенттік полицейлер студенттерге нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді
Шымкенттік полицейлер студенттерге нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкентте мүдделі қызметтердің қатысуымен білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Политехникалық колледжде өткен іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков қатысты.
Тәртіп сақшысы студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін заңда белгіленген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті. Бұл туралы нақты мысалдар келтіріп, орынсыз тәуекелдің салдары ауыр болатынын ашып айтты.
Одан бөлек, жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, бос уақытын тиімді пайдалануға шақырды.