Астанада өзгенің банк картасынан заңсыз төлем жасаған азамат ұсталды
Астанада өзгенің банк картасынан заңсыз төлем жасаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері банк картасын ұрлаумен айналысқан деген күдікпен 56 жастағы Астана тұрғынын ұстаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті техникалық қызмет көрсету орталығында бола отырып, клиенттің банк картасын ұрлағаны белгілі болған. Картаны алып, бірден дүкенге барған күдікті сол жерде басқа біреудің картасымен төлем жасаған.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.