Астанада бірқатар ұрлыққа қатысы бар қызылордалық азамат құрықталды
Астанада бірқатар ұрлыққа қатысы бар қызылордалық азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері автокөліктен ұрлық жасаған 31 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын анықтады. Түнде ер адам үйдің ауласына кіріп, ашық тұрған ГАЗель көлігінен 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны жымқырып кеткен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл азамат Алматы және Ақтөбе қалаларында бірқатар ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүргені белгілі болған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар азамат қылмысты жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары оның бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.