Семейде бұрын сотталған азамат бірқатар алаяқтық жасаған
Семейде бұрын сотталған азамат бірқатар алаяқтық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей полицейлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы ер адамды ұстады, ол бірнеше алаяқтық фактілеріне күдікті.
Жәбірленушілер ер адамның шотты қамаудан шешу және несиені рәсімдеуге көмектесу сылтауымен олардың ақшаларын жымқырғанын хабарлады.
– Жедел іс-шаралар барысында жеке тұлға, сондай-ақ бұл адамның алаяқтық фактілеріне қатысы анықталды. Материалдық шығын 110 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Семей қаласының аумағында күдікті бірқатар ұқсас қылмыстар жасаған болуы мүмкін. Бұл нұсқа тексеріліп жатыр, – Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.