Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлігіне жалған нөмір таққан азамат әкімшілік қамауға алынды

Шымкентте көлігіне жалған нөмір таққан азамат әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Тәуке хан-Дулати көшелерінің қиылысында Audi S-4 автокөлігін тоқтатты.

31 жастағы түркістандық ер адам басқаруындағы көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққаны анықталды. Бұл туралы хабарламаны тәртіп сақшыларына «Қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасы берген.

Полицейлер заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен жүргізуші 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру