Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері күшейтілген түрде қызмет атқарып жатыр

Елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған орай СҚО полицейлері күшейтілген түрде қызмет атқаруда,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 20 қарашадан бастап солтүстікқазақстандық полиция қызметтің күшейтілген түріне көшті. Іс-шараның ерекшелігі – полиция қызметкерлерімен бірге «Amanat» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық, волентерлар, пікір білдірушілер мен блогерлер белсенді қатыса отыра, тексеріске шығады.

Бұл іс-шараға полиция департаментінің барлық қызметі мен бөліністерінің қызметкерлері де тартылуда. Мобильді топтар жасақталды. Қоғамдық орындармен қатар елді мекендердің шеткі жақтарында патрульдеу күшейтілді. Операцияның лейтмотиві: кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік. Басты назарда – ішімдік ішу және масаң күйде қоғамдық орындарға бару, темекі шегу, ұсақ бұзақылық, ортақ қолданатын орынды ластау, тыныштықты бұзу. Учаскелік инспекторлар полицияда есепте тұрғандардың тұрғылықты жерлерін тексереді.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күні СҚО Тимирязев ауданындағы дәмханалардың бірінен полицейлер заңсыз айналымнан алкоголь өнімдерін тәркіледі. Дәмхананың иесіне қатысты әкімшілік материал жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ бірінші күннің қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қайта құқық бұзған Петропавл қаласының 27 жасар әйел адамы анықталды. Ол бұған дейін де алкогольдік масаң күйде бірнеше рет отбасылық жанжал шығарып, көзге түскен. Сот оның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілеумен, 6 ай мерзіміне алкоголь ішуге тыйым сала отыра, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды тағайындады.

СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаевтың айтуынша, «Құқықтық тәртіп» шеңберінде жеке құрам құқық бұзушылықты анықтай отыра, оның санын арттыруға бағытталмаған, керісінше жедел жағдайды жақсартып, өздерінің құзыреті шеңберінде халыққа көмек көрсету болып саналады. Партия мүшелері және жұртшылықтың қатысуымен жасақталған мобильді топтар кәмелетке толмаған балалар, сонымен қатар отбасылық жанжалмен көзге түскен мүшелері бар тұрмысы төмен отбасылар тексерілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісінде де патрульдік полицейлер жеке жоспар бойынша қызмет атқарып жатыр.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметі бойынша, биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда болған қылмыс саны 18%-ға, көшеде жасалған қылмыс 12%-ға азайған. «Құқықтық тәртіп» операциясы 30 қарашада аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру