Астаналық полицейлер тонау мен ұрлық жасауға қатысы бар күдіктіні құрықтады
Астаналық полицейлер тонау мен ұрлық жасауға қатысы бар күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорда аумағында қылмыс жасауға қатысы бар 40 жастағы ер адамды анықтаған.
Тергеу барысында оның түнгі уақытта ұрлық жасау мақсатында құрылыс алаңына кіргені белгілі болған. Ер адам бұрын нысанда жұмыс істеген және иемденуге болатын материалдардың қай жерде екенін алдын ала білген. Ұрлық үстінде оның әрекетін күзетші байқап қалған. Бірақ ер адам күзетшіні құбырмен ұрып, дәнекерлеу машинасын, жылу құрылғысын және құрылыс дулығасын алып, 99 мың теңгеге материалдық шығын келтірді.
Жедел уәкілдер оның бұрын жасалған тағы бір қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Супермаркетте болған кезде, ол жақын жерде ешкім жоқ екенін пайдаланып, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалынан кілт таңдау арқылы 1 млн 580 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп, қашып кеткен.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды, елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіледі.