Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жоғалған жылқышыны іздеп тапты

Павлодар облысының полицейлері жоғалған жылқышыны іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 желтоқсан күні кешке Ертіс ауданы Төбелес ауылынан 47 жастағы жылқышы жайылымға мал жинауға кетіп, қайта оралмаған. Оның телефоны өшірілуі болды, Андрей жұмыс істеген шаруа қожалығының басшысы дабыл соғып, полицияға жүгінді. Іздеуге учаскелік полиция инспекторларының көмекшілері Қанатбек Кәрібаев пен Меркеш Қайраткеров дереу қосылды. Бағдарлар жақын ауылдардың полиция қызметкерлеріне берілді.  

Полицейлер қоңырау түскен бойда жылқышы болуы мүмкін деген жерлердің бәріне барды. Қарлы далада іздеу жүргізу қиын болып, аяз минус 40 градусқа дейін күшейді, бірақ полицейлер бес сағаттан кейін жылқымен бірге жылқышыны тапты. Андрей аяздың салдарынан бағдардан адасып,  ауылға жете алмағанын айтты.

– Далада іздеу қиын, әсіресе қай бағытқа барарыңды білмесең, бірақ әріптесім екеуміз өзімізді тез бағдарладық, өйткені өзіміз ауылдық жерде өстік. Бірнеше сағаттан кейін Шұбарат және Майқоңыр ауылдары арасында жоғалған жылқышыны таптық. Ол әлсіреген, қатты тонған, осы уақытқа дейін далада жүріп қатты жаураған. Біз оған алғашқы көмек көрсетіп, көлікті жылытып, ыстық шай беріп, үйге апардық. Біз үшін ең бастысы Андрейді тірі табу болды, – дейді Қанатбек Кәрібаев. 

Жылқышының отбасы полиция қызметкерлеріне алғыс хат жазды. Онда Андреевтер отбасы Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысын білдіреді. 

– Полиция қызметкерлері Қанатбек Кәрібаев пен Меркеш Қайраткеровке алғысымызды білдіреміз. Жедел іс-қимылдардың арқасында жақын адамымыз табылды. Сіздердің әрқайсыларыңызға шын жүректен зор денсаулық және қызметте табыс тілейміз, – делінген жазбаша үндеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру