Ақмола полицейлері жалған нөмірі бар автокөлікті анықтады
Ақмола полицейлері жалған нөмірі бар автокөлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жарқайың ауданының полиция бөліміне Инга ЖМҚС аумағынан жалған мемлекеттік нөмірі бар КамАЗ автокөлігінің бұзылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы факті бойынша полицейлер әкімшілік полиция қызметкерлерін автокөлікті орнатуға бағыттады.
Қабылданған қажетті кешенді шаралардың нәтижесінде полицейлер КамАЗ жүк көлігін анықтады. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары автокөлік шассиіне механикалық әсер еткенін және қосалқы бөлшектің нөмірі болмағанын анықтады.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 386-бабы (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірімен көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.