Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адасып кеткен егіз баланы полицейлер тапты

Атырауда адасып кеткен егіз баланы полицейлер тауып, анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек сағат 17:00 шамасында “102” операторынан түскен хабарлама бойынша навигатор арқылы барлық полиция патрульдеріне Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданындағы 32 көшедегі үйлердің бірінен екі жасөспірім балалардың жоғалуы туралы таратылды. Екі егіз төрт жастағы Ернар мен Ернұр Ильясовтар белгісіз жаққа шығып кетіп, үйге келмеген.

Ықшам аудан  аумағын жан-жақты тексеруге кіріскен полицейлер, радиоқабылдағыштар арқылы ұдайы байланыста болды. Арада 1,5 – 2 сағат өткенде полицей Данияр Тайбуриев байланысқа шығып, Жұлдыз ауданындағы 6-көше бойынан адасып, үйін таба алмай жүрген баланы тапқанын хабарлады. Ол – егіздердің бірі Ернар болып шықты.

Арада жарты сағат өткенде, Жұлдыз ауданы шетінде орналасқан “Саванна” демалыс орнының артында адасып жүрген бала туралы  полицей Қанат Испусиновтен хабарлама түседі.

Ол баланың Ернұр екені белгілі болды. Полиция қызметкерлері адасып, көше кезген егіздерді анасына табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру