Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-да салтанатты іс-шара өтті
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-да салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҚАЖ ардагерлері, департаментке қарасты мекеме және пробация қызметкерлері шақырылды.
Іс-шара Әнұран орындаудан басталып, қайтыс болған соғыс батырларын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар №12 мекемеде орналасқан қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Департамент бастығы Игілік Хасенов ҚАЖ ардагерлері мен қызметкерлерді құттықтап, қызметте ерекше көзге түскен 80-нен астам қызметкерді марапаттады.
– Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні бұл мерекелер бірінші кезекте өз Отанымызға және қызметімізге адалдықты тәрбиелейді. Отан қорғаушылар жасаған игі істер мәңгілік және уақыт өте келе жойылмайды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.
Мерекелік іс-шара салтанатты концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызметкерлер Отан соғысының үзінділерін көрсетіп, сондай-ақ әскери әндерді орындады.