Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында “Абайлаңыз – балалар!” іс-шарасы акциясы өткізілуде

Алматы облысында “Абайлаңыз – балалар!” республикалық жедел іс-шарасы акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қазіргі таңда қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде.

Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда, жыл басынан жас өспірімдердің қатысуымен 207 ЖКО тіркеліп, онда 9 бала қаза болса, 300 ір түрлі дене жарақаиын алған. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет.

– Балалар жолда жүру ережесін сізбен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағында, жаман жағында қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті – деді Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы Нұрлан Ысқақов.

Оқу жылы басталуына байланысты Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ алдағы оқу жылында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлерімен мектеп және мектепке дейінгі басқа оқу мекемелерінің іргелес аумақта көше-жол желісінің және жол жүрісін реттеу техникалық құралдарының пайдалану жағдайына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

– Барлығы 356 мектеп жіне 126 мектепке дейінгі оқу орнына іргелес көше-жол желісіне тексеру жұсытары жүргізіліп, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға жауапты мекемелерге 172 ұйғарым жолданды, – деп Ысқақов өз сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру