Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер екі күнде 412 ЖЖЕ бұзушылығын анықтады

СҚО-да полицейлер “Абайлаңыз – балалар!” іс-шарасының екі күнінде 412 ЖЖЕ бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ата-аналарды мектеп жасындағы балаларымен жолда абай болу қажеттігі жөнінде қосымша әңгіме жүргізуге шақырады. Оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. 1 қыркүйектен бастап жолдарда кішкентай жаяу жүргіншілердің саны артады, осы орайда балаларға да, ересектерге де Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау қажет.

22 тамыздан бастап еліміздің жолдарында “Абайлаңыз – балалар!” іс-шарасының алғашқы кезеңі өткізілуде. Осы он күн ішінде полицейлер жол қозғалысына қатысушыларға тематикалық жадынамалар, кітапшалар таратады, жүргізушілермен, велосипедшілермен және жаяу жүргіншілермен профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – әрбір бүлдіршінге және жасөспірімге жолдың қауіпті екенін жеткізу.

Жолды кесіп өтер алдында жан-жаққа қарап және қауіптің жоқтығына көз жеткізу қажет. Жаяу жүргіншілер жолағын велосипедпен кесіп өтуге Ережемен тыйым салынған; міндетті түрде велосипедтен түсіп, көлігін жаяу жүріп өткізу керек. Жол қателікті кешірмейді, Жол жүрісі ережелерінің ұсақ бұзушылықтарының өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

СҚО аумағында осы жылдың 7 айы ішінде 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 24 адам қаза тауып, 277-сі жарақат алды. Өрескел бұзушылықтарды болдырмау мақсатында “Абайлаңыз – балалар!” іс-шарасы шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жандандырылды. Тек апта басталғалы облыс жолдарында Жол жүрісі ережелерінің 412 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 35-і жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салған белгісіне кесіп өту фактілері. Жол қиылысын өту ережесін бұзудың – 23 фактісі, балаларды арнайы құрылғысыз тасымалдаудың – 14 фактісі тіркелген.

Республикалық профилактикалық іс-шараның алғашқы кезеңі 31 тамызда аяқталады. Екінші кезеңі 1 қыркүйекте басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру