Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жауапкершіліктен құтылмақ болған жүргізуші көліктің мемлекеттік нөмірін жапырақпен жауып қойған

Павлодар облысында жауапкершіліктен құтылмақ болған жүргізуші көліктің мемлекеттік нөмірін жапырақпен жауып қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 тамызда сағат 11.00 шамасында патрульдеу кезінде “Ертіс” КП көпірі маңында полиция қызметкерлері Howo жүк автокөлігін тоқтатты, ол “Ертіс” КП көпірі арқылы жүріп өтті.

– Жүргізуші аталған учаскеде бейнебақылау камералары бар екенін білгендіктен, жауапкершіліктен құтылу үшін көліктің мемлекеттік нөмірлік белгісін жапырақты талмен жауып қойғаны анықталды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

38 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, оқылмайтын мемлекеттік нөмірлік белгісі бар тіркелген көлік құралын басқару және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 2-бөлігі бойынша, 3.4 жол белгісі – жүк автокөлігімен жүруге тыйым салынғандықтан, осы бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшысы “Ертіс” КП көпіріне 3.4 жол белгісі орнатылғанын атап өтті. Осыған байланысты Ақсу көпірі арқылы жүк көліктері үшін айналма жол бар. Полицейлер аталған учаскедегі жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатқанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру