Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сақтаған Сарыағаш ауданының тұрғыны ұсталды

Түркістан облысының полицейлері күдіктіден 13,5 кг-нан астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтаған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде ауладан өзіне тән хош иісі бар өсімдік тектес есірткі заты бар полиэтилен пакеттерін тапты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, айғақты зат ретінде алынған есірткі заты жалпы салмағы 13,5 кг-нан асатынкептірілген көкнәрболып шықты.

Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі “Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз қолданубойынша Сарыағаш АПБ-нің СДТТБТ-не тіркелді.  Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ер адамның аса ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру