Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал ауданында ТЖ-ның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

Құрамында 1135 адам және 148 бірлік техника бар ІІМ күштер мен құралдары Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ТЖ-ның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта су басу қаупінің болмауына байланысты 12 елді мекенде саны 22 768 адам үйлеріне оралды.

Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және көмек көрсету аясында Мақтаарал ауданының Ырысты ауылына құрамында 205 адам, 38 бірлік техника, 85 мотопомпа бар Өзбекстан Республикасы ТЖМ күштері мен құралдары қосымша келді.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ТЖ-ның салдарын жою бойынша жұмыстарға ІІМ жеке құрамнан 1135 адам және 148 бірлік техника, 15 жүзу құралдары және 46 мотопомпа жұмылдырылды.

Бұл Түркістан облысы ТЖД, Шымкент қаласы ТЖД, Қызылорда облысы ТЖД, Жамбыл облысы ТЖД, Түркістан облысы ПД, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары.
Оқиға орнында құтқарушылар үшін шатырлы лагерь орнатылды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 14 блок-бекет орнатылды (Жантақсай (3), Мырзакент (3), Жаңатұрмыс (2), Фердоуси (2), Т. Жайлыбаев, Нұрлыжол, Өргебас, Азаттық). Полиция қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті күзетуді жүзеге асырады.

Құтқарушылар суды сорып шығару, уақытша бөгеттерді салу, халыққа көмек көрсету бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары Фердоуси, Өргебас елді мекендерінде суды сору жұмыстарын жалғастыруда. Қызылорда облысы ТЖД құтқарушылары Жеңіс елді мекенінде азаматтардың мүліктерін эвакуациялауда. Жамбыл облысы ТЖД құтқарушылары Жаңатұрмыс елді мекенінде мүлікті эвакуациялау және Нұрлыжол елді мекеніндегі суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шымкент қаласы ТЖД құтқарушылары Достық елді мекенінде мүлікті эвакуациялайды.

Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға барлығы 1308 адам, 220 бірлік техника, 15 жүзу құралы, 46 мотопомпа (ІІМ 1135 адам, 148 бірлік техника, 15 жүзу құралы,46 мотопмпа, ҚМ 60 адам, ЖАО 113 адам, 72 бірлік техника) жұмылдырылды. Жою жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, волонтерлер қатысады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру