Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қылмыскерлер құрал-саймандарды ұрлау үшін ғимараттың қабырғасын бұзған

Петропавлда қылмыскерлер құрал-саймандарды ұрлау үшін ғимараттың қабырғасын бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамыр күні Қызылжар ауданының тұрғыны петропавлдық полицейлерге ұрлық туралы арызымен жүгінген. Ер адам Красин көшесінің бойындағы бұрынғы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарында болған. Мереке күндерінен кейін ол 1-3 мамыр аралығында белгісіз адамдар қабырғаны бұзып, ғимаратқа кірген және құралдар мен құрылыс материалдарын қолды қылған. Келтірілген шығынның сомасы 454 мың теңгеден астам.

Оқиға орнында бейнебақылау камерасы болмаған, жауып өткен жаңбыр іздердің біраз бөлігін шайып үлгерген. Дегенмен, Петропавл қ. ПБ Екінші бөлімінің қызметкерлері қылмысты ашуға септігін тигізер “іліп алар ұшын” анықтауына мүмкіндік туған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде келесі күні 40 пен 37 жастағы облыс орталығының екі тұрғыны ұсаталды. Екеуі де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Ұсталғандардың айтуынша, ұрланған мүлікті қаладағы базарлардың бірінен алған, – деп тоқтала кетті Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов. – Ұрланған заттардың бөлігі көрсетілген жерден алынды. Қазіргі уақытта ұрланған басқа мүлікті алу бойынша шаралар қабылдануда. Күмән туғызатын тауарды қолдан сатып алуға дайын азаматтардың барлығының назарын осындай келісулер қаскөйлердің басқа да қылмыстарды жасауына дем беретінін аудартамыз. Мұндай мәмілелерді жасаудан аулақ болуға шақырамыз, өйткені ұрланған мүлікті алған кезде сатып алушыға қандай да бір жеңілдік көзделмейді.

Заңсыз кіру ауыр қылмыс ретінде саналады. Екінші полиция бөлімінің аумағында жыл басынан 29 ауыр ұрлық тіркелді. Қазіргі уақытта оның 23-і ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру