Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер павлодарлықтардан қару тәркіледі

Полицейлер павлодарлықтардан қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер түнде Естай көшесіндегі үйдің ауласында газ тапаншасы бар 35 жастағы павлодарлықты ұстады. Сол күні 36 жастағы ер адамның қалтасынан травматикалық тапанша тәркіленді. Ұсталғандар қаруды жеке қорғаныс үшін алып жүргенін өздері мойындады. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы (Атыс қаруын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мысалы, Екібастұз қаласында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан заңсыз жасалған кесінді тәркіленген 41 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Қаруды заңсыз дайындау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 288-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған қару сараптамаға жіберілді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру