Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер 105 аңшы мен балықшыны әкімшілік жауапкершілікке тартты

“Сайгак” республикалық акциясы аясында ақмолалық полицейлер 105 аңшы мен балықшыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Ақмола облысында, жалпы республика бойынша жыл сайынғы кең ауқымды “Сайгак” табиғатты қорғау акциясы басталды, оның мақсаты төлдеу және сүттену кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Акция кезінде полиция қызметкерлері “Охотзоопром” РМҚК мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп ақбөкендердің мүйізінің заңсыз айналымына және оларды облыстан тыс жерлерге әкетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуде, бірлескен арнайы мобильдік топтар құрылды.

Акция басталғаннан бері жедел-іздестіру топтары өңірде бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізді, соның нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдаланудың 105 фактісі анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (Қаруды беру, есепке алу, сақтау тәртібін бұзу) бойынша 30 әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру