Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған бильярд клубы анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзған бильярд клубы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы ПБ-ның қызметкерлері түнгі рейд барысында сағат 01:00-де Шымкент қаласы, Аймауытов көшесі, 57 үйде орналасқан “Poule” бильярд клубы карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқанын анықтады.

“Poule” бильярд клубына келушілердің үстелде қорқор тартып, сонымен қатар клуб қызметкерлері бір реттік бетпердені толық тақпай, келушілердің дене қызуы өлшенбейтіндігі белгілі болды.

Рейдтік шаралар қала аумағында күшейтілген режимде жүруде. Бильярд клуб әкімшілігінен түсініктеме алынды. Шымкент қаласы ПД қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ өкілдері карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру