Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте медиацияны қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Шымкент қалалық сотында Парламент Сенаты депутаттарының көшпелі отырысы аясында медиацияны қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда Шымкент қалалық сотында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органы депутаттарының көшпелі отырысы аясында Владимир Волковтың төрағалығымен “Медиацияны қолданудың проблемалық мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жұмысқа Шымкент қаласының медиаторлары, Шымкент қаласы Мәслихатының, Парламент Сенатының депутаттары, ІІМ, Прокуратура, Шымкент қаласы ҚАЖД №54 мекемесінің өкілдері қатысты.


Спикерлер медиацияны сотқа дейінгі және сот кезеңдерінде қолданудың проблемалық мәселелері, медиаторлармен өзара іс-қимыл тәртібі туралы пікір алмасты.

– Медиация – бұл қоғамда туындайтын онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарды мемлекеттік органдардың қатысуынсыз және мемлекеттік мәжбүрлеуді қолданбай шешуге мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік құрал. Ағымдағы жылдың 9 айында медиация тәртібімен 562 қылмыстық іс тоқтатылды – немесе тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылған істердің жалпы санының 3,5%.
Министрлік медиаторлармен өзара іс-қимыл сапасын арттыру мақсатында аумақтық тергеу және анықтау бөлімшелеріне Қылмыстық-процестік кодекстің 85-бабы шеңберінде медиаторлар палаталарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету туралы нұсқаулар жолданады, – деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы С.Әділов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру