Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер көлік ұрысын автожолда ұстады

Павлодарлық полицейлер көлік ұрысын автожолда ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда Екібастұз қаласының полициясына елордада белгісіз адамдар ВАЗ 2191 автокөлігін заңсыз иемденіп, автожол бойынша Павлодарға қарай бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Бұл хабарлама “Павлодар-Қызылорда” автожолында кезекшілік еткен барлық бекеттерге дереу берілді. Уақыт өте келе 129 шақырымға патрульдік полиция ротасының инспекторлары Төлеубай Құдайбергенов пен Арман Ғинаятов сипаттамаға сәйкес келетін автокөлікті байқады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.

Тәртіп сақшыларының көлікті тоқтату талаптарын көлік жүргізушісі елемей, тек жылдамдықты арттыра берген.

Полицейлер жүргізушіні тоқтату үшін жылдамдықты арттыруға тырысқан, алайда көлік келе жатқан жолаққа шығып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді.

ВИДЕО МҰНДА

Екібастұз қаласының маңындағы көпірден түсу кезінде полиция қызметкерлері Қанат Нариманов пен Аманжол Бейсенбаевтың көмегімен көлікті ұстады.

Жүргізуші елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты, тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ газ тапаншасы анықталды. Сондай-ақ, автокөліктің салонында 17 және 23 жастағы елорда тұрғындары болды. Жүргізуші көлікті терезесін сындырып, айдап әкеткендігін және Павлодар қаласына қыдыруға келгендігін түсіндірді.

Полиция көліктің арнайы айыппұл тұрағына қойылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру