Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицей-мерген қыз көпке үлгі

Шымкенттік полицей-мерген қыз көпке үлгі , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамның қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қамтамасыз етуде ерлермен теңдей тер төгіп жүрген нәзік жанды аруларымыз аз емес. Солардың бірі Мәншүк Саржанова. Ол – Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті Полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметтік инспекторы. Өз әріптестері ортасында “мерген қыз” атанған азаматша тапанша атудың қыр-сырын ерекше меңгерген. Қызмет бабында түрлі экстремалды жағдайларға тап келетін әріптесіміз құқық қорғау қызметкерлері шұғыл іс-әрекеттерге әркез даяр тұру  керек деп санайды.

Жалпы тәртіп сақшысының жұмысы әмбебаптылықты талап етеді. Ептілік, төзімділік, нысананы дәл көздеу мен батылдық, дәл – Мәншүк Айдарханқызының болмысына берілген баға сынды. Себебі жаны нәзік болса да, қызметте талап пен тәртіпті бойына тұмар қылған әріптесіміз өз саласының үздігі. Біліктілігі мен еңбекқорлығының нәтижесінде биік жетістіктерді бағындырып келе жатқан полицей, елімнің өркендеуі жолында тер төгуге әркез дайынмын дейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру