Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз қаласы Полиция басқармасында жаңадан қабылданған қызметкерлерлермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

2020 жылдың 11 қыркүйегінде Тараз қаласы Полиция басқармасында Ардагерлер кеңесінің қатысуымен “Отбасы күні” мерекесіне орай жаңадан қабылданған қызметкерлер және олардың ата-аналарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің басты мақсаты – ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердің өздерінің қызметтік міндеттеріне адал қарауға тәрбиелеу, қызметтік тәртіпті бұзған жағдайда жауапкершілігі туралы ескерту және болдырмау.

Дөңгелек үстелді бастамас бұрын Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков жас мамандардың ата-аналарына, ұл-қыздарының тағдырына бейжай қарамай, бүгінгі мереке қарсаңында, шақыртуымызды қабыл алып, келгендеріне алғысын білдірді.

Кездесу барысында, ішкі істер органдарындағы қызметтің үлкен жауапкершілік пен тәртіптілікті қажет ететіндігін, осы талаптарға жауап бере алмай, қиындықты көтере алмай қызметтен бір жылға жетпей ішкі істер органдарынан өз еркімен немесе теріс қылықтары үшін де жұмыстан шығып жатқандар аз емес екендігі айтылды. Сондай-ақ отбасы мүшелеріне жас мамандарды барынша қолдауды өтінді.

Кездесу соңында, Тараз қаласы Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы Базархан Қойбақов өзінің мол тәжірбиесімен бөлісті. Болашақта осындай кездесулер арқылы жас мамандар арасында келеңсіз мәселелер орын алмайтындығына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру