Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

15 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан рейд барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 2020 жылдың 28 желтоқсаны күні “Шымкент-Самара” тас жолының 1550/716 шақырымында жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзған “ВАЗ-2115” автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан ірі мөлшердегі ерекше иіске ие шөп алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар зат жалпы салмағы 15 келіден астам кептірілген марихуана екендігі анықталған.

Оқиға орнында Атырау қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда ол Қармақшы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру