Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерия азаматтары ұсталды

Абай облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерия азаматтары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында облыс аумағында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.


Абай облысында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күні ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 112 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 69 шетел азаматының елде болу қағидаларын бұзу деректері анықталса, шетелдіктердің болуының белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін 37 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны үшін 6 тұлға  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 шетел азаматы елден шығарылды.

21 маусым күні Абай облысы ПД қызметкерлері Семей қаласында Нигерия Федеративтік Республикасының көші-қон заңнамасын бұза отырып, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған жеті азаматын анықтады, үшеуінде жеке басын және Қазақстан Республикасында болу құқығын растайтын құжаттар болмаған.
Аталған азаматтар Семей қаласы полиция басқармасының қабылдап-тарату пунктіне қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру