Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

19 жастағы шығысқазақстандықтың қалтасынан есірткі табылды

19 жастағы шығысқазақстандықтың қалтасынан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпан айының соңында «Дармек» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Бесқарағай ауданы ПБ қызметкерлерімен есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 19 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталған адамды тінту барысында оның күртешесінің қалтасынан өсімдік тектес зат салынған түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, табылған зат жалпы салмағы 11,28 грамм болатын кептірілген марихуана есірткісі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясымен 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру