Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 мыңнан астам тұрғын жол ережесін сақтамаған

Павлодар облысы Ертіс ауданында 20 809 тұрғын жол қозғалысы ережесін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол ережесін бұзғандардың көбі – қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабын (жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бұзғандар саны 2572 жетті.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бірдей екі жол пайдаланушысы болып табылады және барлығы бірдей жол ережелеріне бағынады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабыаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 2241 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.

Жылдамдықты асырған 1901 жүргізуші ҚР ӘҚБК 592-бабы (белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша жуапқа тартылды.

Бағдаршамның тыйым салынған дабылына өткен 1005 тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабымен (бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) әкімшілік материалдар жасалды.

Жыл басынан бері 388 жүргізуші автокөлік рөліне мас күйінде отырған, оның 60-ы  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабыүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды және 272 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды.Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдықты, қашықтықты сақтауға шақырады. Балаларға арналған оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында мүмкіндігінше мұқият болыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру