Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жастағы қостанайлық ҚР-да тыйым салынған діни материалдарды желіге жүктеген

Қостанай облысында Қазақстан Республикасында тыйым салынған материалдарды желіге жүктеген азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Қостанай облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері желіге діни мазмұндағы фото және аудиожазбаларды орналастыру фактісін анықтады.

Қостанай қаласының 20 жастағы тұрғынының іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігінде көзделген (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) түріндегі  әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері анықталды.

Өткізілген сараптама нәтижелері бойынша аталған материалдар ҚР аумағында таратуға және сақтауға тыйым салынған діни экстремизм идеологиясын таратуға насихат пен шақыруды қамтиды.

Қостанай қаласы сотының шешімімен аталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 194 460 теңге (70 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру