Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

28 жастағы тараздық өмірге қауіпті дрифт пен экстрим үшін жазаланды

28 жастағы тараздық өмірге қауіпті дрифт пен экстрим үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық Полиция басқармасымен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде қала көшелерінде мемлекеттік нөмірсіз автокөліктің дрифт жасап, жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары барысында BMW автокөлігінің иесі Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жолда жүру қағидасын қатаң бұзғаны үшін автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігі (Жол жабындысын ластау) бойынша үш хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы 49 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, көлік иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру