Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 қап марихуана тәркіленді

Жамбылдық полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 3 қап марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 25 желтоқсанында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде “Меркі-Шу-Бурылбайтал” автожолында “ВАЗ-21014” маркалы автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан үш полиэтилен қапты тәркіледі. Қаптардың ішіндегі зат жалпы салмағы 8 келі 600 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Бұл факт бойынша Жамбыл облысының 28 және 31 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды, олар Меркі ауданының құмға жақын маңдағы аймақтарында марихуана жинаумен айналысқан.

ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады, олар Меркі ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру