Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 адамның телефонын қалтасына басқан қызылордалық құрықталды

Қызылордалық полицейлер төрт адамның телефонын алып кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 17 ақпан күні алаяқтық фактісі бойынша қаланың төрт тұрғыны шағымданды. Олардың айтуы бойынша, ​ белгісіз біреу “суретке түсіріп алайын” деп алдап, ұялы телефондарын алып кеткен. Аталған деректер бойынша жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 300 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 28 жастағы, бұрын сотты болған азаматты ұстады. Тексеру барысында күдікті азаматтың​ алаяқтықтың төрт ​ дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ​ ​ ​ ​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру