Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “Түнеу орны” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі

Ақтөбе облысында “Түнеу орны” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйсіз адамдарға жеке сектордың тұрғындарынан кем емес көмек пен түсіндіру жұмыстары қажет, сондықтан қысқы кезеңнің басталуымен инспекторлар осы санаттағы азаматтармен жұмысты күшейтеді.

Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 29 қарашасы аралығында 447 қызметкер мен 85 мобильді жедел-іздестіру топтарын тарта отырып, “Түнеу орны” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

“Түнеу орны” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қалалық ПБ қабылдау-бөлу орнына 47 адам жеткізілді, алайда оның ішінде екі адам орналастырылып, қалған 34 адам жеке басын анықтауға байланысты қамауға алынбады.

Бұл ретте, үйсіз 11 адам анықталғаннан кейін, “Ақтөбе қаласындағы белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды және қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы” КММ-не жеткізілді.
Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар көбінесе қылмыстың құрбаны болатыны жасырын емес. Сондай-ақ олар қылмысқа өздері де бара алады. Сондықтан мұндай азаматтарды полиция тарапынан белсенді бақылау қажет.

Полиция департаменті ескертеді: тұрғылықты жері белгісіз адамдар тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты мәселелер бойынша қабылдау-бөлу орнының кезекші бөлімінің 8 (7132) 21-75-47 телефоны бойынша хабарласу қажет. Қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында үйсіз адамдарды анықтау бойынша рейдтер жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру