Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

62 жастағы алматылықтан гашиштің ірі партиясы тәркіленді

62 жастағы алматылықтан гашиштің ірі партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Наурызбай ауданының 62 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекеті жедел дереккөздерден белгілі болды. Ол бірнеше рет құжатталған.

– Сараптамаға сәйкес, арнайы іс-шаралар кезінде алынған зат – гашиш есірткісі. 62 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде өсімдік тектес және ерекше иісі бар бірнеше полиэтилен байламдары табылды және тәркіленді: дәлізден 15 бума, шкафтан 11, тағы 9 байлам көлікте жасырылған. Сондай-ақ, үйден газ тапаншасы табылды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Қылмыскер есірткі сатқанын мойындады. Оның айтуынша, “өз базарында” дәрі салынған бір бума 3000 теңге тұрады. Сонымен қатар, ұсталған азамат есірткінің осы партиясын, үш бес литрлік бөтелкені белгісіз біреуден 330 мың теңгеге сатып алғанын айтып сендірді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жедел уәкілдер шаһарға есірткі жеткізетін арнаны анықтап, жоюы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру